tgoop.com/dgdalmaty/3776
Last Update:
🔹 Әрбір мемлекеттік қызметші нені сақтауы тиіс?
📌 Қызметтік әдеп нормаларын сақтау — жай формалдылық емес, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімінің негізі.
💼 Мемлекеттік қызметші міндетті:
1️⃣ Кішіпейіл және адал болуға, жалған ақпарат таратпауға.
2️⃣ Мемлекет мүддесі мен азаматтардың құқықтарына зиян келтіретін әрекеттерге қарсы тұруға.
3️⃣ Мүдделер қақтығысынан аулақ болуға, заңда белгіленген барлық шектеулерді қатаң сақтауға.
4️⃣ Азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық танытып, дөрекілікке және қадір-қасиетті қорлауға жол бермеуге.
5️⃣ Іскерлік этикетті сақтап, мемлекеттік органдардың беделін түсірмеуге.
6️⃣ Қызметтік міндеттерге байланысты заңсыз уәделер бермеуге және заңсыз міндеттемелер алмауға.
7️⃣ Қызметтік жағдайын жеке мүддесі мен ұйымдардың пайдасы үшін пайдаланбауға.
8️⃣ Мемлекеттік мүлікті ұқыпты сақтап, оны тек қызметтік мақсатта пайдалануға.
9️⃣ Қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін жеке пайда көздерін болдырмауға.
🔟 Қызметтік міндеттермен байланысты болмаса, құмар ойын орындарына барудан бас тартуға.
🤝 Этика — бұл бақылау емес, адамдарға және өз мамандығына деген құрмет.
#МКДАЛМАТЫ #ДГДАЛМАТЫ #Салықтар #Налоги #Кеден #Таможня
BY Алматы қаласы МКД | ДГД города Алматы

Share with your friend now:
tgoop.com/dgdalmaty/3776