Notice: file_put_contents(): Write of 6589 bytes failed with errno=28 No space left on device in /var/www/tgoop/post.php on line 50

Warning: file_put_contents(): Only 12288 of 18877 bytes written, possibly out of free disk space in /var/www/tgoop/post.php on line 50
KzPulse@KzPulse P.4093
KZPULSE Telegram 4093
Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 14,7 трлн теңгеге жетті

БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде Ұлттық Банк теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының алуан түрлеріне инвестициялайды.

"2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің облигациялары (неғұрлым тұрақты қаржы құралдары ретінде) – портфельдің 49,72%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 11,40%, банктердің облигациялары мен депозиттері – 7,84%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,55%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,54%. Дамыған елдердің МБҚ (7,31%), дамушы елдердің МБҚ (3,75%), сыртқы басқарудағы активтерді (9,27%) қоса алғанда, индекстік басқаруға 20,33% бағытталды", – деп хабарлады қор.

❗️Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 1 қаңтардағы жағдай бойынша мынадай:
Ұлттық валютадағы инвестициялар – 71,59%, АҚШ долларында – 28,36%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%. Осылайша, валюталық позиция шамамен 30% деңгейінде сақталуда. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы зейнетақы активтерінің валюталық үлесі шамамен 17% болды.
Егер алынған кірістің құрылымын талдасақ, онда бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 807,92 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 186,62 млрд теңге, өзге кірістер – 12,9 млрд теңге болды. Сыртқы басқарудағы құралдар бойынша 93,36 млрд теңге мөлшерінде шығын есептеліп, бұл геосаяси факторлардың 2022 жылы есептелген инвестициялық табысқа ықпал еткенін растайды. Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес күніне сыртқы басқарудағы активтер 50 млрд теңгеден астам табыс әкелді.
2022 жылдың 12 айындағы жалпы табыс оң сипатқа ие. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері жыл басынан бері 914,1 млрд теңгеге жетті. Кезең ішінде зейнетақы активтерінің кірістілігі – 6,55%. ҚРҰБ зейнетақы активтерін басқарған 2014 жылдан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейін жинақталған инвестициялық табыс 6,9 трлн теңге болды.

#kzpulse #зейнетақы #қор #активтер

tgoop.com/KzPulse/4093
Create:
Last Update:

BY KzPulse

Share with your friend now:
tgoop.com/KzPulse/4093

View MORE
Open in Telegram

Telegram News

Date: |

Healing through screaming therapy The best encrypted messaging apps The optimal dimension of the avatar on Telegram is 512px by 512px, and it’s recommended to use PNG format to deliver an unpixelated avatar. How to create a business channel on Telegram? (Tutorial) The court said the defendant had also incited people to commit public nuisance, with messages calling on them to take part in rallies and demonstrations including at Hong Kong International Airport, to block roads and to paralyse the public transportation system. Various forms of protest promoted on the messaging platform included general strikes, lunchtime protests and silent sit-ins.
from us

Telegram KzPulse
FROM American