tgoop.com/KzPulse/4090
Last Update:
QazaqGaz итальяндық әріптесімен Қашағандағы газ өңдеу зауытын салуда серіктес болу туралы сөйлесті
"QazaqGaz" ҰК Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Eni компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті.
Тараптар еліміздің газ саласын реформалау аясында серіктестік орнату туралы сөйлесті. Сонымен қатар, оларды тауарлық газға белгіленген формуланың өзгеруі де қызықтырып отыр.
Санжар Жаркешов инвесторлармен экономикалық тұрғыдан тиімді принципі арқылы жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. Оның айтуынша мұндай қадам инвестициядан бөлек, ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, QazaqGaz және Eni Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы аясында серіктестік орнату мүмкіндігін де талқылады.
Eni – италиялық ірі мұнай-газ компаниясы. Ол Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істейді.
#kzpulse #QazaqGaz #газ #серіктес
BY KzPulse
Share with your friend now:
tgoop.com/KzPulse/4090