tgoop.com/KzPulse/4064
Last Update:
✈️Астана мен Алматы Якутск қалалары әуе қатынасы ашылуы мүмкін
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесті.
Тараптар ұзақмерзімді тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
ИИДМ басшысы бауырлас республикамен жемісті әріптестік орнайтынына сенім білдіріп, Саха инвесторларын елімізге бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.
Бұл ретте Айсен Николаев өз республикасының экономикалық әлеуетін таныстырып, оның ішінде азаматтық авиация, жер қойнауын игеру және өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ зергерлік-қырлау кластер бөлігінде тиімді әріптестікті нығайтуға ниетті екенін айттып, ұсыныстарын жеткізді.
Бұдан басқа тараптар Якутск-Новосібір-Астана және Якутск-Новосібір-Алматы әуе қатынасын ашу мен "Якутия" озық даму аймағында өндірілетін ұзақ уақыт жанатын пештерді Қазақстанға импорттау мүмкіндігін қарастыруға келісті.
Кездесудің қорытындысына сәйкес екі жақ іскерлік әңгімеге ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Саха Республикасы арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
#kzpulse #Якутск #әуеқатынас #Астана
BY KzPulse
Share with your friend now:
tgoop.com/KzPulse/4064