tgoop.com/KzPulse/4034
Last Update:
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын емес
Бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин еліміздің өңірлерінің жартысынан көбі алдағы көктемгі су тасқынына дайын емес екенін айтты.
Оның айтуынша, 700 мыңнан астам азамат тұратын 255 елді мекенді су басу қауіпі бар. Ең қауіпті аймақтар болып Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары саналады.
Су басудың негізгі себептері — өзен арналарының толып кетуі, дренаждық-арық жүйелердің болмауы және су қорғау белдеулерінде үйлердің салынуы,— деді Юрий Ильин.
Қазірдің өзінде Шардара су қоймасы мен Көксарай контррегуляторында "күрделі жағдай" тіркеліп отыр. Ол жақта өткен жылмен салыстырғанда 2,2 млрд текше метрге артық су жиналып тұр.
Осыған байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайылов облыс әкімдерінен есеп беруді талап еткен еді. Олар көктемге жақын аймақтар су тасқынына дайын болатынына сендірді.
#kzpulse #сутасқыны #төтеншежағдай
BY KzPulse
Share with your friend now:
tgoop.com/KzPulse/4034