tgoop.com/KzPulse/3942
Last Update:
🛢Қазақстан биылғы жылдың І тоқсанында Германияға 300 мың тонна мұнай жеткізеді
Қазақстандық компания РФ Энергетика министрлігінен 2023-ші жылдың I тоқсанында "Транснефть" ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы "Адамова застава" мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын алды.
"Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған. Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында 2002-ші жылдың 7-ші маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады", – деп хабарлады "ҚазТрансОйл" АҚ баспасөз қызметі.
#kzpulse #мұнай #экспорт
BY KzPulse
Share with your friend now:
tgoop.com/KzPulse/3942