tgoop.com/KzPulse/3869
Last Update:
Өзбекстан БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану комитетіне мүше болды
БҰҰ Бас ассамблеясы Өзбекстанды Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану комитетіне (COPUOS) қосу туралы шешім қабылдады.
COPUOS – БҰҰ-ның арнайы комитеті. Негізгі міндеттері халықаралық ынтымақтастық пен ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қарастыру, ғарыш кеңістігін игеру кезінде туындайтын құқықтық мәселелерді зерттеу. Өзбекстанды қоса есептегенде ұйымға 97 ел мүше. Комитетте және оның ішкі комитеттерінде 41 халықаралық ұйым бақылаушы мәртебесіне ие.
Ұйымға толық мүше болу Өзбекстанға халықаралық ынтымақтастыққа және COPUOS-тың барлық іс-шараларына қатысуға мүмкіндік береді.
#kzpulse #Өзбекстан #БҰҰ #ғарышкеңістігі
BY KzPulse
Share with your friend now:
tgoop.com/KzPulse/3869