tgoop.com/KzPulse/3823
Last Update:
Биыл қанша шетелдік компания бизнесін Қазақстанға көшірді
2022 жылы 21 компания жұмыс орнын ауыстырса, 13 компания көшуге әзірленуде, тағы 28 компания белсенді келіссөздер жүргізу сатысында.
Мәселен, Honeywell (АҚШ) Атырауда газ анализаторларын және Алматыда басқару шкафтарын шығаруды іске қосты. Алдағы уақытта есептегіштер мен электр құрылғыларын шығару мүмкіндігі қарастырылуда.
Сонымен қатар, Ural Motorcycles (РФ/АҚШ) Петропавлда мотоциклдер өндірісін локализациялады. Weir Minerals (Ұлыбритания) Алматыда сорғы жабдықтарын, гидроциклондарды, арматураларды құрастыру және қалпына келтіру бойынша өндірістік орталық ашты. Қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Great Wall Motors (ҚХР) автомобиль шығаратын зауыт құрылысын бастады.
Бұған қоса голландиялық Koppert компаниясы биотыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын шығаратын зауыт ашуды жоспарласа, германиялық Knauff кәсіпорыны гипсокартон шығаратын зауыт ашуды жолға қоймақ.
#kzpulse #бизнес #инвестиция #шетел
BY KzPulse
Share with your friend now:
tgoop.com/KzPulse/3823