tgoop.com/KzPulse/3803
Last Update:
Алдағы 5 жылда базалық зейнетақы мөлшері артады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер үшін қосымша зейнетақы жарналары енгізіледі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Әлеуметтік кодекс жобасында көзделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы айта келе, Тамара Дүйсенова алдағы 5 жылда базалық зейнетақы көбейтілетінін хабарлады.
"Еңбек зейнетақысының мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе орташа жалақының 70%-на дейін артады. Өз жинақтары есебінен зейнетақы қалыптастыратын болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер тарапынын қосымша зейнетақы жарналары енгізіледі", – деді министр.
#kzpulse #зейнетақы #әлеуметтіккодекс
BY KzPulse
Share with your friend now:
tgoop.com/KzPulse/3803