tgoop.com/KzPulse/3702
Last Update:
🇺🇿Өзбекстанда мемлекеттік шенеуніктер саны 35 пайызға қысқарады
Мұндай мәлімдемені жыл сайынғы халыққа Жолдауында республика президенті Шавкат Мирзиёев жасады.
Мирзиёевтің айтуынша, Өзбекстандағы министрліктер мен ведомстволардың саны 61-ден 28-ге дейін қысқарады.
"Бірінші кезеңде министрліктер реформаланады, үкімет жұмысының әдісі де түбегейлі өзгереді. Ең алдымен, министрліктер мен ведомстволардың саны қазіргі 61-ден 28-ге дейін қысқартылатын болады. Енді әрбір министрлік тиісті салада мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, сондай-ақ құрылымға кіретін комитеттерді, агенттіктер мен инспекцияларды басқаруға жауапты болады", - деді ол.
Өзбекстан басшысы мемлекеттік басқарудың шағын әрі тиімді жүйесіне көшуді ұсынды.
#kzpulse #Өзбекстан #мемлекеттікқызмет #Мирзиёев
BY KzPulse
Share with your friend now:
tgoop.com/KzPulse/3702