tgoop.com/GenPr/6601
Last Update:
Конституциялық Сот және Бас прокуратура өкілдерімен кездесу өтті
Ақтау қаласында, Ш. Есенов атындағы Каспий университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң - тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Конституциялық Сот және Бас прокуратура өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты - Конституцияның негізгі ережелерін талқылау, конституциялық құндылықтарға құрметті қалыптастыру, конституциялық заңнаманы талдау және оның құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы маңызы.
Шараға Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, заң қоғамдастығының өкілдері, ғалымдар мен университет студенттері қатысты.
Құттықтау сөзін университет ректоры Б. Ахметов Конституцияның негізгі рөлін және оның құқықтық мемлекетті дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
Конституциялық Соттың судьясы А.Жатқанбаева, Бас Прокурордың көмекшісі Р.Мажитов конституциялық қағидалардың маңыздылығы, Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз ету туралы баяндамалар жасады.
Р. Мажитов өз сөзінде конституциялық заңнаманың эволюциясына, конституциялық-құқықтық реформалардың негізгі кезеңдері мен нәтижелеріне жан-жақты тоқталды.
Соңында ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың барлығына үлкен алғыстарын білдірді.
Бас прокуратура мен Конституциялық Сот өкілдерінің өңірлердегі көшпелі кездесулері бойынша жұмыс жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП