Telegram Web
🗣 Тасқыннан кейінгі Құлсары

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы — тасқыннан ең көп зардап шеккен елді мекеннің бірі.

Ресми мәліметке сәйкес, қалада 2920 үйге және Атырау ықшам ауданындағы бес қабатты 3 үйдің жертөлесіне су кірген. Тағы 60 пәтерлі үш қабатты 5 тұрғын үй суға кеткен.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 ТМД бас хатшысының орынбасары болып Нұрлан Сейтімов тағайындалды

Бұл туралы ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметіне сүйенген қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлады.

60 жастағы Нұрлан Сейтімов ТМД бас хатшысының орынбасары міндетін атқарушы болып 22 сәуірде тағайындалған. Ертесінде ұйымның атқару комитетінің бас хатшысы Сергей Лебедев оны ұжымға таныстырған.

Қазан айында ұйымның сайтында бас хатшының орынбасарлары тізімінде қазақстандықтар болмаған еді.

Өткен айда Сейтімов Қазақстанның Эстониядағы елшісі қызметінен босатылған. Ол бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарып келген.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Алматыда автобус жүргізушісі соққыға жығылып, соның салдарынан үш адам қаза болған көлік апатына қатысты істе жарыссөз басталды Прокурор "Бұзақылық" және "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі не көлiк пайдалану қағидаларын бұзу" баптары бойынша айыпталған…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Алматыдағы автобус апаты: айыпталушы жарыссөзде соңғы сөзін айтты

Жұма күнгі жарыссөз кезінде айыпталушы Дархан Ахметжанов Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша кінәсін мойындап, 351-бап ("Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу") бойынша айыпқа келіспейтінін айтты.

Былтыр 22 желтоқсанда Алматыда N47 автобуста жолаушы жүргізушінің басынан ұрып, шопыр есінен танып қалған. Басқарусыз қалған автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, үш адам қаза болды. Оқиғадан тағы төрт адам жараланып, ауруханаға түскен.

Айыпталушы Дархан Ахметжанов сотта "менің соққымнан жүргізуші есінен танып қалған жоқ. Оның автобусты тоқтатуға мүмкіндігі болды" деді.

Ол соттан кәмелет жасына толмаған үш баласы бар екенін және қылмыстық жауапқа бірінші рет тартылып отырғанын ескеруді сұрады.
Бұған дейін прокурор айыпталушыға 8 жыл түрме жазасын сұраған.

Үкім 26 сәуірде сағат 16.30-да оқылады.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Associated Press: Украина ұрыс алаңынан Abrams танкілерін әкетіп жатыр

Бұған Ресейдің дрон шабуылын күшейткені түрткі болды дейді дереккөздерге сүйенген басылым. Ақпаратқа қарағанда, Украина әскери техникасын қорғау жағынан қиналып отыр.

2023 жылы АҚШ Киевке 31 Abrams танкісін берген. Associated Press жазуынша, қазір оның бесеуі жоқ.

Қазіргі уақытта танкілер майдан шебінен әкетіліп, АҚШ украин әскерімен бірге оларды пайдалану тактикасын өзгерту бойынша жұмыс істейді деді Америка өкілдері басылымға.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауынан 12 өлі итбалық табылды

Бұл жөнінде облыстық балық шаруашылығы басқармасына сүйенген Lada сайты хабарлады.

Бұған қоса, 23-24 сәуірде гидробиология және экология институтының мамандары Каспий жағалауына мониторинг жүргізгенде 67 өлі итбалық тапқан. Олардың өлгеніне ұзақ уақыт болған болуы мүмкін, себебі денелері ыдырай бастаған.

🔸 Басқарма мәліметінше, 29 наурыз бен 25 сәуір аралығында Каспий жағалауынан 182 өлі итбалық табылған.

🔸 Итбалықтардың неден өлгені әзірге белгісіз.

Экология тақырыбында жазатын журналист, зерттеуші Кирилл Павлов 26 сәуірде телеграм-арнасында "итбалықтардың өліміне H5N1 құс тұмауының жаңа штамы себеп болуы мүмкін" дейді.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴 16 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккен "әр облыс, аудан мен ауылға" қамқоршы ретінде бекітілетінін мәлімдеді. Әр кәсіпкерге "нақты жауапкершілік артылады" деп қосты Тоқаев.

Кәсіпкерлердің ешқайсысы оған қарсы келген жоқ, бірнешеуі миллиардтаған ақша аударуды бастап та кетті. Ал Азаттық пікір сұрап хабарласқан сарапшылар "олардың басқа амалы болмағанын" айтады.

Саясаттанушы Димаш Әлжанов Қазақстандағы жағдайда кәсіпкерлер тіпті қалаған күннің өзінде де президентке қарсы келе алмас еді деп есептейді. Ойынның жазылмаған мұндай ережесін елдің бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев орнықтырып кеткен дейді ол.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Қазақстан келесі жылға жоспарланған Ресейдің "Болашақ ойындарын" 2026 жылға ауыстырды

Мұндай шешім су тасқынына байланысты қаржыны үнемдеу мақсатында жасалды деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.

🗣 "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырған" деп жазылған хабарламада.

Қыркүйекте Астанада өтетін 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойынына бөлінген қаражат та "ықшамдалатыны" айтылды.

🔸 Биыл ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге "Болашақ ойындарын" Қазақстанда өткізуді ұсынған.

🔸 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кірген соң Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мен Халықаралық паралимпиада комитеті Ресей мен Беларусьті спорт жарыстарынан шеттеткен. Ал 2022 жылы наурызда Пекинде басталған паралимпиада ойындарына Ресей мен Беларусь делегациясы барғанымен, жарысқа қатыстырылмаған еді. Осы шектеуден соң Ресей мен Беларусь билігі бірігіп түрлі жарыстар ұйымдастыра бастаған.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Абай облысы Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" резерваты филиалының аумағында өрт шықты

Төтенше жағдайлар министрлігі өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды деп хабарлады.

ТЖМ 0,22 гектар өрт аумағы оқшауланды деп мәлімдеді.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Үкімет тасқыннан зардап шеккендерге 4,5 млрд теңге көлемінде бір реттік көмек берілгенін хабарлады

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың өзге де облыс тұрғындарынан 21 658 адам көмек сұрап, өтініш тапсырған. "26 сәуірдегі жағдай бойынша 12 642 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 4,5 млрд-тан астам теңге көлемінде бір реттік төлем алды. Шығын болған мал басы үшін берілетін төлем көлемі 211,5 млн теңгеге жетті" деп жазылған хабарламада.

🔸 Ресми мәліметке сәйкес, тасқыннан зардап шеккен өңірлерде "3871 тұрғын үй тексеріліп, 2230 нысанда бағалау жүргізілген".

🔸 468 үйді жөндеуге 645 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

🔸 Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасыға қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілді деп айтылады.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Алматыдағы автобус апаты: айыпталушы жарыссөзде соңғы сөзін айтты Жұма күнгі жарыссөз кезінде айыпталушы Дархан Ахметжанов Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша кінәсін мойындап, 351-бап ("Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Автобус жүргізушісін ұрған жолаушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот айыпталушы Дархан Ахметжановты Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") және 351-бабы ("Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу") бойынша кінәлі деп таныды.

🔸 Былтыр Алматыдағы жол апатынан ерлі-зайыпты Талап Қосымов пен Гүлжахан Жетпісбаева көз жұмған. Мектепте мұғалім болып істеген марқұмдар сол күні жұмыстан кейін үйге қайту үшін жол бойында такси тоқтатып тұрған. Олардың артында төрт баласы жетім қалды.

🔸 Үшінші марқұм – сол жерде тұрған шағын автобустың жүргізушісі Алмас Айманбаев.

Ахметжанов "Бұзақылық" бабы бойынша кінәсін мойындаған.

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Медиасарапшылар мен журналистер сынаған "Масс-медиа туралы" заң жобасының мәжіліс қабылдап, сенаттың қарауына кеткен нұсқасы парламент сайтында жарияланды. Заң жобасы 70 баптан тұрады.

Журналист, "Масс-медиа туралы" заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі Халима Тәжіқұл жаңа заң жобасында журналистермен қатар салық төлеушілерге де қолайсыз нормалар бар, ал енгізілмей қалған ұсыныстар көп дейді.

Ол бұқаралық ақпарат құралында мемлекет тапсырысымен жарияланған материал таңбалануы керек деген норма енгізіле ме деп күткенін айтады.

Мұндай таңбалау салық төлеушілердің бюджет қаржысына шыққан материалдар қайсы екенін қарап, бағалауына аса қажет болатын. "Демек, бұл мүмкін емес" деді журналист.

🗣 "Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен журналистерін аккредиттеуден бас тарту, оны тоқтата тұру және кері қайтарып алу сыртқы істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады" деп көрсетілген 30-баптың алтыншы тармағында. Демек, соттың функциясын сыртқы істер министрлігіне беріп қойдық. Біздің түсінігіміз бойынша, сыртқы істер министрлігі өз бетінше аккредитация беріп, кері қайтарып алмауы керек. Министрлік өкілдері талқылау барысында БАҚ сыртқы істер министрілігінің шешімін сотта даулай алады деген тармақ қосамыз деген еді, бірақ ондай тармақ көріп тұрған жоқпыз. Демек, сенаттағы талқылауда осы мәселе қозғалуы керек" деді журналист.

🔗Сілтеме

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
26 сәуірдегі негізгі жаңалықтар:

🔸 Павлодар облысы Майқайың кентінің кейбір тұрғыны биліктен көшіруді сұрайды. "Шанхай" шағынауданының жұрты алтын кенішіндегі қазба жұмыстары кесірінен баспаналарының іргесі сөгіліп, қабырғасы опырылып жатқанын айтады. Әкім "алаңдауға негіз жоқ" дейді

🔸 "Семей орманы" резерватында тағы өрт болды

🔸 Зерттеу: Газды қымбатқа жеткізіп, миллиондаған доллар кіріс тапқан компанияның Мирзияев отбасымен байланысы бар

🔸 Америка елшісі Пекинді Украинамен соғыста Ресейді қолдады деп айыптады

Назарларыңызға сайтымыздағы жаңа мақаланы ұсынамыз 👇🏻

🔺 Тасқында сын айтқандар жазаланды. Биліктің халықпен коммуникациясы қандай?

www.tgoop.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
"Демократиядан шегіну". Назарбаев өкілетін сайлаусыз созу бастамасы және оған қарсылық

🎙️АЗАТТЫҚ-70


Қазақстанды ұзақ уақыт билеген Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1990 жылғы 24 сәуірде президент атанды. Содан кейін елде президент және парламент сайлауларын кезектен тыс өткізу әдеті қалыптасты. Әсіресе 2011 жылы көтерілген референдум бастамасы ерекше саяси науқанға айналды. Оппозиция оны "сапалы дамудан үміт үзу", "жағымпаз, жантақ, сорақы идея" деп бағаласа, Батыс "Назарбаевтың тарихи еңбегін жоққа шығаратын" қадам деп атады. Назарбаев халықаралық қысымнан соң референдумнан бас тартты. Оны сол кезде "жағымпаздар жарысы" деп атаған саясаттанушы Назарбаев құрған жүйе әлі өзгермегенін айтады. Азаттық радиосының сол кездегі эфиріне шолу.

Сілтемеден оқып тыңдаңыз
Блинкен Қытаймен қарым-қатынас оң болуы мүмкін екенін айтты

Израильдің Газадағы әскери қимылдарына қатысты АҚШ университеттерінде болып жатқан наразылық – Америка демократиясының айқын көрінісі деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. Дегенмен ол наразылыққа қатысушылардың ХАМАС (АҚШ; Ұлыбритания және ЕО-да террористік ұйым танылған) қарулы тобының әрекетіне қатысты "тіс жармауын" сынады. Бұл жөнінде "Америка дауысы" сайты жазды.

Өткен аптада Reuters-тің мәліметінше, АҚШ-тың ірі университеттеріндегі наразылық кезінде шамамен 550 адам қамалған.

26 сәуірде Қытайдағы баспасөз жиыны кезінде Блинкенге "наразылардың талаптарына назар аудара аударасыз ба" деген сұрақ қойылды. Блинкен қақтығыс "өте қатты толқу" туғызғанын түсінетінін атап өтті.

"Президент әкімшілігі соғысты тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін істейді" деді ол.

АҚШ мемлекеттік хатшысы сыншыларды 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне шабуылдаған ХАМАС-қа да назар аударуға шақырды.

www.tgoop.com/azattyq
Кэмерон аймаққа не үшін келіп кетті? Орталық Азия еркін сауда аймағын құра ала ма?

Батыс басылымдары бұл аптада Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның аймаққа не үшін келіп кеткенін талдады. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің сауда кедергілерін жойып, бірыңғай нарықты қалыптастыру талпынысы Кремльді алаңдататынын жазды. Бұдан бөлек әйелін «асқан қатыгездікпен өлтірді» деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот процесі қоғамның тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы пікірін түбегейлі өзгерткенін талдады.

Сілтемеден өтіп оқыңыз
WSJ: Путин Навальныйды өлтіру туралы бұйрық бермеген болуы да мүмкін

Ресей президенті Владимир Путин Ямал-Ненецк автономды өлкесіндегі колонияда жазасын өтеген оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды өлтіру туралы бұйрық бермеген де болуы мүмкін. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген The Wall Street Journal басылымы жазды.

"Десе де мұндай бағалау Путин Навальныйдың өліміне кінәлі деген тұжырымға шәк келтірмейді, бірақ ол дәл сол сәтте оны өлтіру туралы бұйрық бермеген болуы да мүмкін" деп жазылғанмақалада.

Мұндай қорытынды Америка барлау қызметі оның ішінде, ЦРУ, АҚШ мемлекеттік департаментінің ұлттық барлау және барлау бөлімі директоры басқармасының қорытындысына сәйкес келеді.

www.tgoop.com/azattyq
Мәскеу соты "Крокустағы" терактіге қатысы бар деп күдікке ілінген тағы бір адамды қамады

Мәскеудің Басман соты "Крокус сити холл" концерт залындағы терактіге қатысты іс бойынша 12 күдіктіні 22 мамырға дейін қамады. Бұл жөнінде РИА "Новости" хабарлады.

Соңғы қамалған күдіктінің аты-жөні - 21 жастағы Тәжікстан азаматы Джумохон Курбонов. Ол Мәскеуде хостелде тұрған.
Тергеу болжамынша, Курбонов теракт бойынша айыпталғандарды байланыс және ақшамен қамтамасыз етіп отырған. Оның "Крокустағы" терактіге қатысы жөнінде басқа ақпарат айтылмайды.

Курбонов 11 мамырда ұсталған. Әуелі ол "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 15 тәулікке қамалған.
"Крокусқа" шабуыл 22 наурызда болған. Одан 140-тан астам адам қаза болып, 500-ден астам адам зардап шеккен деп айтылады.

Терактіге қатысты ұсталғандардың барлығы-дерлік – Тәжікстан азаматтары. Ұсталғандарды тергеу кезінде күштік құрылымдар азаптаған болуы мүмкін.

"Ислам мемлекеті" террористік қарулы тобы өзінің шабуылға қатысы барын мәлімдеген.

Терактіні соның ұйымдастырғанына АҚШ пен Батыс елдері де сенімді. Ресей жағы терактінің ар жағында Украина тұр деп тұжырымдайды. Киев айыптауларды жоққа шығарды.

www.tgoop.com/azattyq
2024/04/28 00:07:54
Back to Top
HTML Embed Code:


Fatal error: Uncaught Error: Call to undefined function pop() in /var/www/tgoop/chat.php:243 Stack trace: #0 /var/www/tgoop/route.php(43): include_once() #1 {main} thrown in /var/www/tgoop/chat.php on line 243