Telegram Web
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Ұлы дала жорығы-2024»: Бірінші күннің қорытындысы

📌«AMANAT» партиясының қолдауымен өтіп жатқан «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Кеше 19 команда Павлодар қаласы маңындағы «Атамекен» елді мекенінен Екібастұзға аттанды.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірінің өкілдерін біріктірген спорттық сайыс қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды.

📍Командалар марафон-бәйгенің алғашқы 100 шақырымын бағындырды. 500 шақырымды құрайтын жол Павлодар және Ақмола облыстарын қамтиды. Айта кетейік, алғашқы кезеңде Алматы мен Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының командалары түрлі себеппен жобадан шығып қалды. Екінші кезеңді 16 команда жалғастырады.

«Ұлы дала жорығы» 23 мамыр күні Астана қаласында аяқталады.

——


Ұлы дала жорығы-2024: подведены итоги первого дня

📌Завершился первый этап марафона-байги «Ұлы дала жорығы», который проходит при поддержке партии «AMANAT». Вчера 19 команд стартовали из населенного пункта Атамекен в пригороде Павлодара и направились в сторону города Экибастуз.

Проект посвящен 125-летию выдающегося ученого-геолога Каныша Сатпаева и объединяет любителей конного спорта из разных регионов.

📍Команды преодолели первые 100 км. Протяженность маршрута составляет 500 км и проходит по Павлодарской и Акмолинской областям. Следует отметить, что команды Алматинской и Кызылординской областей, а также города Шымкент полностью покинули соревнования. Во втором этапе принимают участие только 16 команд.

Завершится «Ұлы дала жорығы» 23 мая в Астане.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏆Таразда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында спорт сайысы өтті

Таразда «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі өтті. Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Кәсіпкерлер қауымдастығы, облыс басқармалары атсалысты.

📌Спорттық шараның ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов фестивальдің мақсаты - балалардың спорттық өнерін насихаттау арқылы денсаулықтарын жақсарту, дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға жағдай жасау, олардың арасындағы достықты нығайту екенін жеткізді.

Спорт жарысына келген балалар алаңда бір жұдырықтай жұмылып, командалары үшін барын салды. Жамбыл ауданынан келген Арсен Күнбесұлы екі жылдан бері бочча инклюзиялық спорт түрімен шұғылданып келеді.

💬«Бочча паралимпиадалық спорт түріне жатады. Бұл спорт дәлдікті қажет етеді. Жалпы, біздің арамызда бочча спортымен жарыстар жиі ұйымдастырыла бермейді. Бүгін «AMANAT» партиясының қолдауымен біз үшін мереке болып отыр. Себебі біз өзіміз секілді балалармен жарысқа түсіп, мықтылықтығымызды дәлелдеп жатырмыз», – дейді жарысқа арнайы дайындалып келген Арсен Күнбесұлы.

Жалпы, фестивальге Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 32 команда қатысып, «Бочча», «Біз жеңімпаз боламыз!», «Жеңіл атлетика» турлары бойынша сынға түсті. Ал жарыстың жеңімпаздары республикалық сында облыс намысын қорғайтын болады.
2024/06/18 15:37:03
Back to Top
HTML Embed Code: